ЖШС « Алматы » бөбекжай балабақшасы.
Мекенжайы:
Шымкент қаласы, Абай ауданы, Ақжайық мөлтекауданы,
С.Батыр көшесі, 24\1 уй. Телефон: 8 777 502 55 25
Бөбекжай-балабақшасының ашылған жылы:
2015 жылғы 19-қараша
Бөбекжай-балабақшасының аумағы 0,008 га жерді құрайды,
сыйымдылық дәлділігі 50 балаға арналған.
ЖШС « Алматы » бөбекжай балабақшасы
Жарғысы 2015 жылғы
15-шілде қаулысымен бекітілген.
Құрылтайшы: Ибраимова Айзада Сансызбаевна.
Статусы: қазақ балабақшасы.
Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты « Алматы » балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз жұмысын 2015 жылдың қараша айының 15- шы жұлдызынан бастады. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28 мамырдағы № 488 Қаулысымен бекітілген «Балаларды мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасының аясында ашылды. Заңды тұлға ретінде 2018 жылдың қыркүйек айының 07 — жұлдызымен Жарғы бекітіліп, 2018 жылдың 7-ақпанында (республикалық маңызы бар қала статусына ауысуы себебімен) қайта жаңартылды.Мемлекеттік тіркеу 2018 жылдың 09 сәуірінде бизнес сәйкестендіру 150740011812 нөмері берілді. Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты « Алматы » бөбекжай балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2019 жылғы 02 қыркүйектің № 43 бұйрығы негізінде меңгерушісі етіп Айнұр Сұлтанқызы « Алматы » бөбекжай балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тағайындалған. Шымкент қаласы Оңтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Шымкент қаласы Абай ауданының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің 2015 жылғы 30 мамырдағы №415 бұйрығымен бекітілген №017/е нысанды медециналық құжаттамасы. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптары санитарлық қағидаларына сәйкес келеді.
1). 2015 жылдың 26 қарашада № 0110445 санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы берілген.
2) 2015 жылдың 28 тамызда №17P1164364 санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы берілген.
Бөбекжай-балабақша өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Еңбек Кодексін т.б. нормативтік – құқықтық актілерін, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымының жарғысын басшылыққа алады.
Шымкент қаласы Білім басқармасы «Алматы » бөбекжай балабақшасы ЖШС Жарғысы негізінде Шымкент қаласы Әділет департаменті Абай ауданының Әділет басқармасының 2015 жылғы 7 шілде алғашқы тіркеу күніндегі құжаты Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы БСН 150740011812 бизнес сәйкестендіру нөмеріне сәйкес анықтамасы берілген.
Жұмыс мемлекеттік тілде жүргізіледі. Жобалық қуаттылығы 50 орын, сыйымдылығы 50 балаға арналған 3 топ ұйымдастырылған, онда тізім бойынша бала саны 50 құрайды. Әр топ толық жабдықталған ойын бөлмелер,жатын бөлмелер мен тазалық гигиеналық орындары бар.
Аула ағаштармен көгалдандырылған, таза ауада ойнап, өсу жағдайы қарастырылған, және ойын алаңы, серуендеуге арналған арнайы орындар бар.
Әрбір топта жеке жатын, ойын, әжетхана және ас тарататын бөлмелері бар.
Арнайы бөлінген даладағы алаңдарда ойын құралдары орналасқан, бөбекжай-балабақшамыздың іші
2022 жылы ағымдағы жөндеуден өткен, бүгінгі таңда сырты жаңартуды талап етпейді.
Су,жылу,электр,интернет желісі,толық талапқа сай қарастырылған. Жұмыс уақыты 10,5 сағат (8.00-18.30 дейін) 5 күндік. Арнайы асхана,ас тарату бөлмесі бар. Қойма, кір жуу,от жағу бөлмелері орналасқан. Ас дайындау, кір жуу бөлмелері, азық-түлік сақтау қоймалары қажетті техникалық құралдармен жабдықталған.
Балалардың балабақшаға қабылдануы туралы:
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрінің №172 бұйрығына сәйкес балаларды балабақшаға орналастыру, ата-ана тарапы жеке құпия кілті мен indigoindigo.shymkent порталына электронды кезекке тұрады.
Балабақша әкімшілігі балаларды Шымкент қаласы Білім басқармасының — garden.kz электронды жолдамасы бойынша 1 жастан бастап қабылдайды.
Балабақша жұмысын 8.00-де бастап, кешкі сағат 18.30-да аяқтайды.
Жұмыс 5 күндік жұмыс жүйесіне негізделген.
Тамақтандыру үш мезгіл жүргізіледі.